Жылдық инфляция төмендеп келеді
Инфляцияны тежеп, төмендету қажет. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен Ұлттық банкке осындай тапсырма берген еді. Президент тапсырмасын орындауға жауаптылар дереу кірісіп кетті. Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық банкпен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, 20 қарашаға дейін салық-бюджет және ақша-кредит саясатын үйлестіру шараларын әзірлемек. Ал әкімдіктегілер азық-түлік бағасына апта сайын мониторинг жүргізу міндеті қойылды.