Қызылсуат ауылының мәселелері қалай шешіліп жатыр? Әкім Оразбай Сәлменов

Астананың дәл іргесіндегі Қызылсуат ауылының жеке округ болып құрылуы оңайға соққан жоқ. Бұрын мұнда жол да, жарық та болмаған, боран соқса, бірнеше күнге қатынас жабылатын. Халық саны 2700-ге жеткен соң ауылдың белсенділері қол жинап, мәселені облыстық мәслихатқа дәлелдеп апарды. Нәтижесінде Қызылсуат жеке округ мәртебесін алып, жаңа даму кезеңіне қадам басты.