Ыбырай Алтынсарин ауылының жаңа тынысы. Гомар Қозыұлы
Ақмола облысына қарасты Ыбырай Алтынсарин ауылындамыз. Былтыр ғана Талапкер ауылдық округінен бөлініп шыққан ауылдың бүгінгі тынысы мен болашағы жайлы білеміз. 2024 жылдың шілдесіне дейін ауыл Талапкер округіне қарасты болды. Халық санының өсуі мен инфрақұрылым тапшылығынан мәслихат шешімімен аумақ үшке бөлініп, жеке әкімшілік бірлікке айналды. Қазір мұнда сегіз жүзден астам тұрғын үй орналасқан. Бас жоспар бекітіліп, шекара нақтыланса, ауылдың аумағы кеңейіп, жаңа мүмкіндіктер ашылады деп күтілуде.
Бүгінде біз ауылдың қазіргі тыныс-тіршілігі мен даму бағыттары жайлы әкім Гомар Қозыұлынан сұрап білеміз.