Түркістанға туристер есебінен 4 млрд теңгеге жуық кіріс кірді
Түркістан – Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыттардың бірі. Бұл шығарылымда Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы жаңалықтар, келушілер саны, туризм инфрақұрылымы және қаладағы заманауи өзгерістер туралы айтылады.
2025 жылы өңірге 1 миллионнан астам турист келген. Қалада қызмет көрсету сапасы артып, жаңа нысандар мен мүмкіндіктер туристерге қолайлы жағдай жасап отыр.