Шахтинск әлеуеті жоғары қалаға айналды

Шахтинск қаласы – көмір өндірісімен танылған өндірісті өңірлердің бірі. Қалада инфрақұрылым жаңарып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Шахтинск бүгінде өндіріс пен тыныш тұрмысты қатар ұштастырған шағын, бірақ әлеуеті жоғары қалаға айналуда.