Курчатов – тарихы терең, тағдыры ерекше қала
1947 жылы негізі қаланған Курчатов қаласы бүгінде еліміздің маңызды ғылыми орталықтарының бірі саналады. Мемлекет басшысы шаһарды дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өткен болатын. Соған сәйкес мұнда жаңа әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.