Павлодарда жұмыспен қамту бағдарламалары нәтижесін беруде

Павлодар облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар кезең кезеңімен табысты түрде жүзеге асып келеді. Биыл 300 миллиард теңгеден астам қаражат осы салаға салынды. Сонымен қатар жұмыспен қамту іс шаралары арқасында 11 мың адам өз жұмысын тапты.