Денсаулықтың көрінбейтін қорғаны
Адам денсаулығын қорғау – ауруды емдеуден бұрын, оның алдын алудан басталады. Бұл – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының басты міндеті. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында олар 151 профилактикалық іс-шара өткізіп, 679 эпидемиологиялық-санитариялық тергеп-тексеру жүргізген.
Тағамның сапасы, ауызсудың қауіпсіздігі, мектептер мен балабақшалардың санитариялық жағдайы – барлығы жіті бақылауда. Осы жауапты жұмыстың қыр-сырын мамандардың өзінен білдік.