38 жаңа мектеп, 120 үйірме: БҚО-да білім беру жүйесі қалай өзгеріп жатыр?
Батыс Қазақстан облысында білім беру саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Соңғы үш жылда өңірде 38 жаңа мектеп салынды. Оқушылар заманауи технологияларды меңгеріп, робототехника, жасанды интеллект, бағдарламалау және дрон жасау бағыттарында білім алып жүр. Бұл шығарылымда Оқушылар сарайындағы үйірмелердің жұмысы, жас ұстаздардың жетістігі, білім беру жүйесіне жаңа технологияларды енгізу, білікті педагогтердің тәжірибесі және балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мәселелері туралы айтамыз.