Еңбек елі. «Орда – Астана» ЖШС сынақ маманы Ғалымжан Жақсылықов
Оның бұл кәсіпорында жұмыс істеп жүргеніне 3 жылдай уақыт болды.
Мұнда темір жолда төселетін қиыршық тастарға 9 түрлі сынақ жұмыстары жүргізіліп, жанар-жағармайға сараптамалар жасалынады. «Егеменді еліміздің жастары әрдайым еңбектенуі тиіс. Жаңа техникаларды меңгеріп, оларды мемлекеттің игілігі үшін қолдану керек. Өйткені біз расымен де еңбекқор халықпыз», – дейді кейіпкеріміз.