Еңбек елі. Литерлік бригаданың арнайы көлік жүргізушісі Шыңғыс Әлмұрзин
Оның «Астана халықаралық әуежайында» жұмыс істеп жүргеніне 10 жыл болды.
Әуе кемелеріне қызмет ететін арнайы көлік жүргізеді. Бала күнінен жүргізуші болуды армандаған ол дәл осы әуежайда жұмыс істеймін деп тіпті де ойламаған. «Менің ойымша әрбір адамның алдына қойған мақсаты болуы керек. Егер мақсат болса, талпыныс та, өмірге деген сүйіспеншілік те болады», – дейді бүгінгі бағдарлама кейіпкері.