Еңбек елі. Цех қашаушысы Өтен Жендетов
Өтен Жендетов бұл цехқа 1977 жылы 8-сыныпты аяқтаған соң келді.
Біліктілігін шыңдау мақсатында техникалық училищеге оқуға түсіп, осында кәсібін қайта жалғастырды. Оның негізгі міндеті комбинатқа қосалқы бөлшектерді жасау. «Жұмыс өте қызық. Әрдайым бір жаңашылдық орын алып тұрады», – дейді бүгінгі бағдарлама кейіпкері.