Еңбек елі. Радиоэлектрондық аппаратураларды құрастырушы-ұста

Саят Байзақовтың Киров атындағы зауытта жұмыс істеп жүргеніне 3 жылдан асты.

Міндеті – жүк көліктерінің кунгтерін жинау. Яғни аппаратуралар мен құрылғыларды орнату. «Бұл мамандық өзіме ұнайды. Өте қызықты әрі шығармашылық жұмыс десем де болады. Өз еңбегіміздің жемісін көріп шабыттанамыз», - дейді бүгінгі шығарылым кейіпкері.