Еңбек елі. Инженер-технолог Оксана Баранова
Ол өз еңбек жолын Қарағанды фармацевтикалық зауытынан бастады.
Бұл жердің өзгелерден ерекшелігі дәрі-дәрмекке қолданылатын шөптерді өздері өсіреді әрі өңдейді. Оксана олардың қатты формаларын жасаумен айналысатын өндіріс цехында инженер-технолог болып 3 жылдан бері жұмыс істейді. «Бұл сала менің қызығушылығымды арттыра түсті. Жұмыстың маңызды механизмі іспеттімін. Меніңше, еңбек адамды жетістікке жеткізіп қана қоймай жаңашылдық жасауға да ұмтылдырады», – дейді бүгінгі шығарылым кейіпкері.