Еңбек елі. Ағаш шебері-жиһазшы Ғайниген Мұқашев
Ол №1 Эксперименталды зауытта 15 жылдан бері қызмет етеді.
Іргесі 1968 жылы қаланған мұнда жиһаздың барлық түрі дайындалады. «Кәсіпқой маманға айналу үшін кем дегенде сол істе 5 жыл тер төгу керек. Сонда ғана жасалған өнімнің сапасын салыстыра аласың. Бұл жұмыс аса тиянақтылықты талап етеді», – дейді кейіпкеріміз.