Еңбек елі. Ет өнімдерін өлшеп ораушы Еркебұлан Сайдалиев

Ол «Целинная – Фабрика Деликатесов» ЖШС жарты жылдан астам уақыт жұмыс істейді.

Ауызбіршілігі жарасқан ұжым қашан да бір-біріне көмек қолын созуға дайын. Ондағы ет өнімдері Астана қаласының мейрамханаларына жіберіледі. Еркебұланның фабрикадағы міндеті қандай? Онда тапсырыс қалай түседі? «Еңбек елі» бағдарламасының түсірілім тобы кейіпкеріміздің бір күнімен танысып қайтты.