Еңбек елі. Үйлестіруші Нұрбибі Әбдірахманова

Ол «Тас Кілем» ЖШС 2004 жылдан бері жұмыс істейді.

Бетон қондырғыларының үйлестірушісі Нұрбибі Әбдірахманова зауытқа келіп түскен өтініштерді қабылдап, арнайы қоймалардағы материалдардың толық түрде жеткілікті болуын қамтамасыз етеді. Жұмыс тапсырысқа байланысты жүргізіледі. Бағдарламалармен толық қамтылған зауыт қателіктерге жол бермейді. «Біз бетонның сапасына мән береміз. Өйткені ол біздің жұмысымыздың нәтижесі», – дейді бүгінгі шығарылым кейіпкері.