Еңбек елі. Музыкалық аспаптарды жөндеу шебері Владимир Михалев

«Мен аспаптарды жөндегенде, адам емдегендей әсерде боламын», – дейді бүгінгі шығарылым кейіпкері.

Владимир Михалевтің бұл салаға деген қызығушылығы 15 жасынан басталды. Бастапқыда ісін шахмат пен нарды жасаудан бастаған ол бүгінде барлық шекті музыкалық аспаптарды жөндейді. Оның әсіресе домбыраға деген ықыласы ерекше. «Маған домбыра қатты ұнайды. Пішіні тамшы секілді бұл аспап ғасырлар бойы өз құндылығын жоғалтпаған», – дейді.