Еңбек елі. Сервистік цех электригі Сергей Таркан
Оның бұл салада жүргеніне бірнеше жылдан асты.
Алғашында автокөлікке музыкалық құрылғыларды орнату, артық дыбысты өткізбеу сынды жұмыстармен айналысқан Сергей, бүгінде механик қызметін атқарады. Цехқа келгеніне 5 жылдан асты. Өзі үшін үйренген сала еңбекқорлығының арқасында мамандығына айналды. Мұнда білімін жетілдірді. «Әрдайым жаңашылдыққа құмар болу адамды еңбекке баулиды. Шамаң жеткенше жұмыс істеу керек. Онсыз жетістікке жету мүмкін емес», – дейді бағдарлама кейіпкері.