Еңбек елі. Театр актері Әбутәліп Әміре
Ол бала күнінен өнер адамы болуды армандады.
9-сыныпты бітірген соң Әбутәліп ойланбастан Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжіне түсті. Бүгінде сол академияның 4-курс студенті бола жүріп, «Жастар» театрында еңбек етеді. «Жалпы балалар мен үлкендер алдында қойылым қою екі бөлек дүние. Екеуі де оңай шаруа емес. Бастысы жаныңа жақын істі сүйсіне орындау», – дейді бүгінгі бағдарлама кейіпкері.