Дания әлемдегі ең ұзын суасты туннелін салып жатыр

Дания әлемдегі ең ұзын суасты туннелін салып жатыр. Ол Балтық теңізі арқылы өтіп, мемлекетті Германиямен байланыстырады. Жоба құны - 7,5 млн доллар. Туннель Скандинавия мен Орталық Еуропа арасында жолға кететін уақытты едәуір қысқартуға тиіс. Мысалы Даниядан Германияға небәрі 10 минутта жетіп баруға болады. Қазір бұл екі араға қатынаған адам қайықпен 45 минут жүзеді. Су астындағы ең ұзын туннель құрылысы 2029 жылы аяқталады. Сол кезде күн сайын екі ортада 100 пойыз бен 12 мың көлік қатынайды.