Суыққа тоңбайды, қарға батпайды

Гуманоид-робот аязда тоңбайды. Қалың қарды да елемейді. Қытай мамандары Unitree G1 роботын экстремалды биік таулы аймақта сынақтан өткізді. Робот 47,5 градус аязда 130 мыңнан аса қадам жасап, жаңа рекорд орнатты. Жай жүрмей, ұзындығы 186, ені 100 м болатын Қысқы Олимпиада ойындарының эмблемасын өрнектеп берген. Эксперимент Қытайдың Шыңжаң өңірінде жүргізілді. Бұған дейін тағы бір қытайлық гуманоид- робот 106 шақырым жол жүріп, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.