Қазақстан Openai Edu жобасына қосылды

Қазақстан OpenAI компаниясының Edu for Countries жаһандық бастамасына қосылған алғашқы елдердің қатарында. Бұл тізімде тағы Эстония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания мен Грекия бар. Бағдарлама аясында Қазақстанның білім беру ұйымдарына 165 мың лицензия тегін беріледі. Оның басым бөлігі мектептер мен колледждердің мұғалімдеріне бөлінеді. 60 мыңнан астам лицензия жоғары оқу орындарының оқытушыларына бағытталады. Ал 2 мыңы Astana Hub экожүйесінің қатысушыларына беріледі. Бағдарлама педагогтерге оқу материалдарын, тапсырмалар мен тесттерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жедел әзірлеуге мүмкіндік береді.Оқу-ағарту министрлігінде бұл бастаманың басты мақсаты - адам әлеуетін дамыту және болашақтың сын-қатерлеріне дайын білім беру ортасын қалыптастыру екенін атап өтті.