Адам тәріздес робот жетіліп келеді

Адамзат роботты көбейтіп жатыр. Құлтемірлер қазір жай машина емес, кез келген салада көмекші әмбебап құралға айналды. Былтыр нарықта 18 мың гуманоид робот сатылды. Оның 80 пайызы Қытайдың үлесінде. Дерек бойынша, бұл елде жүз қырықтан астам робот шығарушы кәсіпорын бар. Олар адам бейнесіндегі роботтың үш жүз отыздан астам түрін ұсынады. Былтыр бес Джи технологиясының көмегімен гуманоид-роботтар ақылды зауыттарда жаппай қолданысқа енді. Сарапшылардың айтуынша, алдағы төрт жылда жер бетінде гуманоидтардың саны бір миллиардтан асады. Ал 2050 жылы төрт миллиардқа жетеді деген болжам бар. Бұл көрсеткіш әлемдегі көлік санынан да көп.