SpaceX шығыны $5 млрд-қа жетуі мүмкін

SpaceX компаниясының шығыны 5 миллиард долларға жетуі мүмкін. Ең көп ақша Илон Масктің «xAI» жасанды интеллект стартапына жұмсалды. Басқа да жаңа жобаларға қомақты инвестициялар салынған. Әуе-ғарыш корпорациясының биылғы кірісі әзірге 18 жарым миллиард доллар. SpaceX тақауда қоғамдық биржаға шығуға дайындалып жатыр. Bloomberg-тің болжамы бойынша, компания акциялары 1 жарым триллион доллардан асуы ықтимал.