АҚШ-та жаңа роботакси іске қосылады
Илон Маск Cybercab деп аталатын жаңа роботакси іске қосылатынын жариялады. Темір тұлпардың рөлі мен басқышы жоқ, жасанды интеллект жүйесімен басқарылады. Роботакси қазірдің өзінде АҚШ-тың бірнеше қаласында сынақтан өтіп жатыр. Барлығы ойдағыдай болса, биылдан бастап жаппай қолданысқа енгізіледі. Айта кету керек, таксимен 1 шақырым 600 метр жүріп өту үшін шамамен 1 доллар төлейсіз. Ал электромобильдің өзі 30 мың доллар тұрады.