АҚШ-та дауыл қаупі күшейді
АҚШ-та дауыл тұрады. Бұл ел мұхитқа жақын болғандықтан толқын көтеріліп, су тасуы ықтимал, «24KZ».
Калифорния штатының Сан-Хосе қаласында билік осыны ескертті. Мұндай қауіп Вашингтон штатындағы Оушен-Шорс жағалауында байқалған. Ұлттық метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, алдағы аптада АҚШ-тың батысында жауын селдетіп, таулы аймақтарға қар түседі. Жел көтеріледі. Мамандар алдағы болатын дауылды сирек әрі қауіпті құбылыс екенін айтып, тұрғындарды сақ болуға үндеп жатыр.