Қытайлық ірі инвесторлардың қазақстандық нарыққа қызығушылығы артқан

Қазақстанда биыл жалпы құны миллиард АҚШ долларынан асатын 22 инвестициялық жоба жүзеге асып, 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Солардың қатарында Алматы қаласындағы вольфрам рудаларын өндейтін және ісікке қарсы препараттар шығаратын зауыттар бар. Сондай-ақ жел электр станцияларының құрылысы мен сүт өнімдерін өндіру мен жылыжай кешендерін қоса алғанда құны 2,5 млрд доллар болатын 7 жоба бойынша келісімдерге қол қойылды.