Іскерлік ақпарат. Елімізде тұрғын үй құрылысы 8,4% өсті
- «Kegoс» АҚ-ның биылғы инвестициялық бағдарламасы 50 млрд теңге мөлшеріндегі қаржылық салымдарды құрайды.
- Биыл еліміздегі тұрғын үй құрылысына 500 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Қомақты инвестиция арқылы жалпы аумағы 1,2 млн шаршы метр 19200 пәтер қолданысқа берілді.
- Еуразиялық даму банкі «ҚазТрансГаз» АҚ-ның жалпы құны 60 млн доллар тұратын халықаралық облигацияларын сатып алды.
- Қазақстан шағын несиелендіру саласы бойынша ТМД аумағындағы көшбасшы мемлекетке айналды.
- Жыл соңына дейін Достық-Алашаңқай және Алтынкөл-Қорғас шекаралық бекеттері арқылы 10 млн тонна жүк өткізіледі.