Іскерлік ақпарат. Астық экспортының болжамы 9 млн тоннаға жетті
- Елімізде көлік жолдарын жаңғыртуға 319,2 млн доллар жұмсалады.
- Ақтөбеде соммасы 80 млрд теңгеден астам қаржыға меморандумдар бекітілді. Сол арқылы аймақта жаңа өндіріс ошақтары бой көтеруі тиіс.
- Еліміз газ өндірісін жыл сайын орташа есеппен 4%-ға арттырады. 46 млрд текше метр көгілдір отынның 30%-ы ішкі нарықта қолданылса, 30%-ы шет мемлекеттерге жіберіледі.
- Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі мен Испаниялық компания өкілдері күн электр станциясының құрылысына қатысты маңызды мәселелерді талқылады.
- Қазақстан астық экпортына байланысты болжамын 9 млн тоннаға арттырды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасына сәйкес, отандық өнім Иран, Қытай және Оңтүстік шығыс Азия елдеріне жөнелтіледі.