Іскерлік ақпарат. Павлодар облысында 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болады

- Алматының қала құрылысы кеңесінде бизнес-орталық пен көп пәтерлі 3 тұрғын үй кешенінің жобалары мақұлданды. 

- Жыл соңына дейін Павлодар облысында 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болады. Аймақтағы тұрғын үй құрылысының негізгі бөлігі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Айта кетейік, қалада әлеуметтік осал топ өкілдеріне арналған жалдамалы баспаналар да бой көтеру үстінде. 

- Ақтоғай кен байыту фабрикасы үздіксіз жүргізілген іске қосу жұмыстарының нәтижесінде жобалық өндіріс қуаттылығына шықты. 

- Қаңтар-тамыз айларының аралығында еліміздің аграрлық секторын дамытуға 162,4 млрд теңге инвестиция жұмсалды. 

- Биыл еліміз сыртқы нарыққа 15,4 млн тонна тас көмір сатып, 281,5 млн табыс тапты.