Іскерлік ақпарат. Елімізде астық жөнелту көрсеткіші артты

- Елімізде «Ақылды қала» жобаларын әзірлеу мен жүзеге асыру халықаралық тәжірибені қолдану ұсынылды. 

- «ҚазТрансОйл» компаниясы «EXPO-2017» көрмесінде таныстырылған бірқатар жобаларды енгізуге мүдделі. 

- Жыл басынан бері Ақтау халықаралық теңіз портындағы «Ақбидай» терминалы арқылы астықты ауыстырып, тиеу көрсеткіші 269185 тоннаға жеткен. Яғни терминалдың өндірістік қуаттылығы артқан. Мұнда күн сайын 130 вагонға жүк тиеледі. 

- Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының өндірістік кәсіпорындары 500 млрд теңгенің өнімін өндірді.