Әскер KZ. Тоқтар Әубәкіров – 70 жаста

Қазақстан космонавтикасының негізін қалаған Тоқтар Әубәкіров 70 жастық мерейтойын атап өтті. Жиынға ерін ұлықтаған халық көп жиналды.

«Ата-анамның қанымен берілген өжеттілік пен қайсар халқымның арқасында бала кездегі арманыма қол жеткіздім. Алдыма үлкен мақсаттар қоятынмын. Бүгінде арманым орындалды. Бұл қазағымың қолдауы деп білемін» – дейді Халық қаһарманы.