Талдау. Тілсіз жаумен күрес

www.wdsu.com

Бүгінде Астана қаласында орын алып отырған басты мәселенің бірі тұрғын үйлердегі өрттің өршіп кетуі дейді мамандар. Қыс түсе әсіресе саяжайға деп берілген қала маңындағы үйлерде бұл жиі тіркеледі екен. Себебі олар қыстың аязды күнінде тұруға арналмаған. Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне жүгінсек өткен 9 айдың өзінде қалада 500-ден астам өрт тіркелген. Олардың жартысы жер үйлерге тиесілі. Өкінішке орай арты адам шығынына да алып келеді. Астанадағы өрт сөндіру қызметі қалай жұмыс істейді? Қайғылы жағдайдың алдын-алу үшін олар қандай шаралар ұйымдастырады?