Блогерлер 2.0. Тәуелсіздік жылдарында сәбилерге қойылған есімдер қандай?

www.blogpeques.com

Бабалардың дұғасы, аналардың ықыласы, аталардың күресімен келген Тәуелсіздігімізге 25 жыл. Бұл уақыт аралығында дүниеге келген сәбилердің есімдері елдегі бір елеулі оқиғалармен, Тәуелсіздік символына айналған дүниелермен байланысты қойылыпты. Осы орайда статистиканы сөйлеткен Абай Сейфуллин былай дейді: «Елімізде Астана есімі 10 балаға берілсе, 13 бала Теңге, 53 бала Бәйтерек есімін алыпты. Ал Ата Заң есімі тек жалғыз қазақстандықта ғана бар». Ал Тәуелсіздік ше? Осы аттас бала бар ма екен бізде?