Заң жобасы. «Жайылымдар туралы» заң Мәжіліске кері қайтарылды

«Жайылымдар туралы» заңның шаруаға келтірер пайдасынан гөрі кедергісі көп. Сол себепті Ауыл шаруашылығы министрлігі жарамсыз болып қалған құжатты қайта жазып шықты. Басты талап жер-су және кәсіпкерлік туралы нормалар қайталанбауы тиіс болатын. Жаңа заң жобасын жіті қарап шыққан жоғарғы палата депутаттары бірқатар баппен келіспей отыр. «Соларды түзету үшін құжатты Мәжіліске кері қайтардық» дейді сенаторлар. Бұл хабарымызда осы мәселе төңірегінде тақырып тарқатамыз.