Жерұйық. Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат. Ерейментау батырлар мекені

Бағдарламамыздың түсірілім тобы бұл жолы қолбасшы, жауынгерлер мекеніне аттанды. Ерейментау жарты ғасырдан артық тарихы бар көне қала. Астанадан солтүстік шығысқа қарай 156 шақырым қашықтықта орналасқан. Тамыры тереңге жайылған, есімдері ел арасында кеңінен танымал батыр, сұлтандардың кезеңінен бергі ерекше шаһар.