Елордада заң жобаларына қатысты семинар өтті
Елімізде заң жобаларының мәтіні қазақ тілінде жазылуы керек.
Көбіне құжаттар орыс тілінде әзірленіп, кейін мемлекеттік тілге аударылады. Елордада өткен “Заң терминологиясы: жіктелім, біріздендіру және аударма" атты республикалық семинарға қатысушылар осы мәселені талқылады. Мамандар қалыптасқан жағдай терминдерді реттеу мен стандарттау жұмыстарының дұрыс жолға қойылмауымен байланысты деп отыр. Олар қордаланған мәселені шешу бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.
Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы:
- Біздегі заңдардың 99,9 пайызы десек болады орыс тілінде әзірленіп, қазақ тіліне аударылады. Салдарынан қазақ тіліндегі заң мәтінін оқу, түсіну қиындық туғызады. Өйткені қанша жақсы аударылды дегеніменде аударманың аты аударма әсері қазақ тіліндегі заң мәтініне әсер етеді.