Талдау. Клинингтік қызмет

Қала тұрғындары арасында кеңінен танылып жатқан сервистің бір түрі – клинингтік қызмет. Үй, кеңсе, қосалқы бөлме дейсіз бе қалаған жеріңізді көрсетсеңіз болғаны, арнайы мамандар келіп жинап, тазалап береді. Тек қалтаңыз бұл қызметті көтеруі тиіс. Ғаламтор беттерінде аталмыш қызметті көрсетумен айналысатындардың сан түрі бар. Таңдау сізден.