Талдау. Отбасындағы бала құқығы мен мәртебесі

Қазақстан ажырасу фактілері жиі тіркелетін мемлекеттердің ондығына кіреді екен. 2016 жылы елімізде 140840 жұп отбасын құрса, оның 51775-і сол жылы ажырасып кеткен. Бұл шетелдік басылымның мәліметі. Аталмыш мәліметтің нақтылығын тексеріп көріп едік, рас болып шықты. Біз бүгінгі бағдарламада әке мен шешенің қателігінен жапа шеккен баланың құқы мен мәтебесі туралы айтамыз.