Іскерлік ақпарат. Қызылордалық кәсіпкерлер ирандық компаниямен әріптестікті дамытпақ

- Ұлттық банк криптовалютаға байланысты операцияларды реттеу мәселесін қарастырып жатыр. Қаржы ұйымы басқа елдердің тәжірибесін зерттеуге кіріскен. 

- Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының құрылысы келер жылдың наурыз айында басталады. Жоба құны бастапқыда 350 млрд теңгеге тең болатын. 

- Қызылордалық кәсіпкерлер ирандық бизнес қауымдастық өкілдеріне бірлескен жобаларды таныстырды. Биыл бұл мемлекетке 60 тонна күріш экспорттау жоспарда бар. Айта кетерлік жайт, қараша айында ирандық бизнес қауымдастық өкілдері Сыр өңіріне келіп, халықаралық инвестициялық форумға қатысады. 

- Биыл еліміздегі электрлік қондырғы өндірісі 37,2 пайызға ұлғайды. 

- Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры үлестік және құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер ипотекасын «Нұрлы жер» бағдарламасына қосуды ұсынды.