Іскерлік ақпарат. «Ата жолы» күре жолын жаңғыртуға 8 млн теңге бөлінді

- Келер жылы Алматы даму орталығы Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жеңіл рельсті көлік жолы құрылысына байқау жариялайды. 

- «БРК-Лизинг» АҚ Маңғыстау облысындағы электр станциясы құрылысының жобасын қаржыландыруды бастады. 

- Еуразиялық экономикалық комиссия Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық аясын кеңейтуге мүдделі. Интеграциялық ұйым халықаралық мекемелермен бірлескен жобаларды қолға алып, жаһандық және салалық деңгейдегі мәселелерді шешу үшін қарқынды жұмыс істеп келеді. 

- Биыл Маңғыстау облысындағы «Ата жолы» күре жолын жаңғыртуға 8 млн теңге бөлінді. Жоба аймақтың туристік әлеуетін дамытуға арналған. 

- Жамбыл облысында су айдындары артып келеді. Арнайы есеп бойынша олардың саны 130-дан асады. Сондықтан су айдындарын пайдаланушылар балық шаруашылығын дамытуға биыл 87 млн теңге жұмсады.