Іскерлік ақпарат. Қазақстан мен Қытай бірлескен қор құрады

- Отандық жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан мен Қытай 300 млн долларға бірлескен қор құруды қолға алды. Негізгі инвесторлар «Қазына Капитал Менеджмент» пен «Қытай-Еуразия» экономикалық ынтымақтастық қоры. 

- Инвестициялар және даму министрлігі көліктік-транзиттік әлеуетті арттыру жоспарын жариялады.

- Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігіне пилоттық бағдарлама аясында 2 электромобиль берілді.

- Энергетика министрлігі KEGOС желілеріне Қарағанды облысындағы күн электр станцияларында өндірілген қуат көзін сатады.

- Қызылорда облысында төрт түлік саны артып, ет және сүт өнімдерінің экспортын ұлғайту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.