Экономика. Қазақстан зығырдың егістік алқабы көлемі жағынан әлемде бірінші орынға шықты

Қазақстан биыл зығырдың егістік алқабы көлемі жағынан әлемде бірінші орынға шықты. Ал бұл майлы дақылды өндіру бойынша бірнеше жыл қатарынан үшінші орында нық келеміз. Қазақстандық зығыр ең әуелі Еуропада сұранысқа ие. Негізгі экспорт Бельгия, Польша және Германияға реттелген.