Экономика. Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы

2018 жылдың 3 қаңтарында Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық қарым-қатынасына 26 жыл болады. Бұл ретте саяси және экономикалық байланыстардың нығайып келе жатқанын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда біздің еліміз көрші Қытаймен шекаралас болып қана қоймай, ортақ бастамалар мен стратегияларды бірлесіп жүзеге асыруда. Осының арқасында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық жылдан жылға артып келеді.