Білім. 2017 жылы білім беру саласында орын алған өзгерістер
Әр кезеңде білім беру деңгейі өзгеріп отырды. Бұл тек қазаққа ғана тән құбылыс емес, заман, уақыт талабына қарай, қоғам да икемделе түсті. Әріге бармай-ақ қояйық, бір шақта қазақ баласы молдадан әріп таныды. «Сүйегі менікі, еті сенікі» деген қисық түсінік содан қалғанын білеміз. Одан кейін ұлт ұстаздарының легі келді. «Оқысаңдар балалар шамнан шырақ жағылар» деген Ыбырайлардың шағы туды. Енді, міне, бірте-бірте латын қарпіне көшпекпіз, игі жақсы деп ойлап келген білім беру жүйемізді де өзгертуге талпынған жайымыз бар. Өтіп бара жатқан 2017 жыл білім беру саласы үшін немен ерекше болды? Бір сыпырасына тоқтала кетейік.