Отандық медицина. Көмей аурулары

Статистика бойынша, бүгінде 10 мың адамның 60-ы дауыс қалыптастырушы органдардың созылмалы ауруларымен күреседі екен. Қызмет бабына сәйкес жиі сөйлесуге мәжбүр адамдардың 30-40 %-ға жуығы осындай ауруларға шалдыққан. Өз кезегінде дауыстың бұзылуы сөйлеу мен коммуникация жасаудың толыққанды дамуына кері әсерін тигізеді.