Экономика. Астана экономикалық форумы

Қазақстан жаңалықтары:

- 2018 жылдың бірінші тоқсанында екінші деңгейлі банктер 6 трлн 600 млрд теңге пайда тапқан. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 18,6%-ке кем. 

- Жұмыс берушілер адами капиталды дамытуға қаржы құюға дайын. Бір жылда HR-қызмет көлемі бір жарым есеге ұлғайған.

- Қазақстанның Ұлттық банкі мұнай сақтандыру компаниясының қайта сақтандыру құқығын алты айға тоқтатып тастады.

Әлем жаңалықтары: 

- Strategy Analytics сараптамалық компаниясы 2018 жылы қандай смартфондардың танымал болғандығын анықтады.

- Әлем бойынша мұнай мен газ өндіруге арналған бұрғылау қондырғыларының саны сәуір айында 92 бірлікке кеміген немесе 4,4%-ке, 2 087 данаға азайған.

- Air France әуе компаниясы еңбекақысымен келіспеген қызметкерлердің наразылығы салдарынан банкроттың аз-ақ алдында тұр.

- 2018 жылдың қаңтар-сәуірінде Ресей Федерациясының алыс шетелден импорты, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 19,2%-ке артып, 66 миллиард 46 млн долларға дейін ұлғайды.

- Швейцарияның әлемдік ірі азық-түлік өндіруші Nestle компаниясы американдық кофе алыбы Starbucks-пен серіктестік келісім жасасты.

Сараптама

Орталық Азиядағы ең ірі диалог алаңы – Астана экономикалық форумының ашылуына бір аптаға жетер-жетпес уақыт қалды. Бұл конгреске Global Challenges Summit 2018 деген атау берілді.