Музей түні - 2024. LIVE

Бүгін Елордадағы Ұлттық музейдің есігі қала тұрғындары мен қонақтарына түнге дейін ашық. 

Мұнда «Музей – құндылықтар мекені» атты мәдени танымдық іс-шара өтіп жатыр. Әріптесіміз Зарина Кәп дәл қазір сол жерден тікелей байланысқа қосылады. Зарина, музейдегі атмосфера қандай? Биылғы бағдарламаның ерекшелігі неде?

Зарина Кәп, тілші:

- Өздеріңіз байқағандай, бүгін Ұлттық музейде адам қарасы көп. Жылдағы дәстүр бойынша музей түні өтіп жатыр. Көпшілік түнгі сағат 12:00-ге дейін әртүрлі жанр мен стильдегі өнер туындыларымен, құнды жәдігерлермен таныса алады. Айтпақшы, біз тұрған Ұлттық музейге биыл 10 жыл. Оның қорында қазір қару-жарақ, алтын және асыл металдар, сәндік және бейнелеу коллекциялары сынды 220 мыңнан астам жәдігер бар. Бүгінге дейін музейге 4 млн-нан астам қонақ келген екен. Ал бүгін қанша мейманды қарсы алып жатқанын музейдің ғылыми хатшысы Саялбек Гиззатовтан сұрайық. 

Саялбек Ғиззатов, ұлттық музейдің ғылыми хатшысы:

- Мұнда қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі қызу өтіп жатыр. Бұл бүгінгі музей түнінің ең ерекше жобасы. Мында елдің барлық өңірінен шеберлер келген. Біз шымкенттік Гүлсім Бәйтерекқызымен таныстық. Ол қазақтың ұлттық терме алаша тоқу өнерінен шеберлік сағатын өткізіп жатыр. Оның бұған дейін тоқыған алашасының ұзындығы 5 км дейін жеткен.

Гүлсім Жүсіпова, қолөнер шебері:

-Сонымен қатар көрермен үшін театрландырылған экскурсия мен "Жұлдызды гид. 10 жұлдыз. 10 жауһар" шоу-жобасы ұйымдастырылады. Мұнда эстрада жұлдыздары гид қызметін атқарады. Жалпы мұндағы халықтың көңіл-күйі керемет. Жиналған қауым музейді аралап, ерекше көңіл күйге бөленіп жатыр. Қонақтар қарасы әлі үзілген жоқ.