Сақшы. Транспорттық полиция қызметі

Жыл басынан бері миграция саласындағы заңды бұзғаны үшін 1000-нан астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен Қазақстан Республикасынан 163 адам сыртқа шығарылды. Жедел-профилактикалық шаралар жүргізу барысында транспорттық полиция қызметкерлері теміржол вокзалдары мен әуежайлардағы жолаушылар легін қадағалайды. Халықаралық, республикалық бағыттарда қатынайтын жолаушылар пойыздары аялдағанда ғана емес, жолдағы тәртіпті де жіті тексереді.